«Бағдаршам» сайысы
Қыркүйек айында 3-4 сыныптар, 5-8 сыныптар арасында мектепішілік «Бағдаршам» сайысы өтті. Сайыстың өту барысы кезеңнен тұрды.
1. Саптық жүріс. Саптық ән.
2. Топ басшысының рапорт беруі.
3. Көрініс.
Сайыс соңында оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сонымен қоса, қыркүйекте жалпы жолда жүру ережесін насихаттау мақсатында «Жолда жүру ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.
Мақсаты: Schoolchildren жолда жүргендегі сақтық шараларын сақтаудың маңызы жайлы айту.
Жалпы экологияны сақтау, табиғатты құрметтеу және оны қорғау - әрбір жеткіншектің міндеті. Осыған орай қазан айының 3 мен 10 жұлдызында мектепте
оқушылар арасында сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбілік барысында оқушылармен әңгіме өткізіліп, қоқыстың айналадағы ортаға әсері жайында айтылып, қоқыс тастамаудың маңызы жайында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға үйрете отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы уақытында орындай білді. Нәтижесінде,
І орын – 9 «Ә» сынып. Сынып жетекші Ш.М.Агиманова.
ІІ орын – 10 «А» сынып. Сынып жетекші М.М.Ускибаева.
ІІІ орын – 7 «Б» сынып. Сынып жетекші А.Абдымомунова.
Жалпы жоспарға сай ұйымдастырылып өткен іс-шара өз дәрежесінде өтті.
«Жас Ұлан» ұйымының жоспарына сәйкес қараша айының 30-ы күні 5-11 сыныптар арасында «Жүректен-жүрекке» атты қайырымдылық концерт ұйымдастырылып өткізілді. Концертке мектептің оқушылары концерттік бағдараламасын дайындап, өте жоғары деңгейде көрсете білді. Концерттің билетінің бағасы 50 теңгеден. Концерттен түскен ақша Жамбыл облысының тумасы Тумышева Зәуреге көзіне ота жасауға көмек ретінде берілді.
Арнайы жоспарға сай ұйымдастырылып өткізілген бұл концерт өз дәрежесінде өтті.
Желтоқсан айының 09 жұлдызында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына мектебінің 5 сынып оқушыларын қабылдау салтанатты рәсімі болып өтті. Салтанатты жиынға мектебіміздің директоры Карибаева Гульбаршин Идрисовна, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Кульшашарова Мөлдір Ануаровна, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салимжанова Динара Майлыбаевна, сынып жетекшілер, ұйым мүшелері қатысты. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен ашылды. Әр сыныптың топ басшылары өз топтарының атын, ұрандарын таныстырып және ант бергеннен кейін, төсбелгі тағу рәсімі мектеп қонақтары мен мектеп оқу үздіктеріне берілді. «Жас Ұлан» ұйымына мүшелікке қабылдау барысында бұл ұйым оларды әділетті, мейірімді, өз Отанын сүйетін білімді азамат болуына көмектеседі. Ұйым – мен өзімді қоршаған ортаға мейірім төгіп, жақсылық жасаймын – деген басты қағидамен өмір сүреді. «Жас Ұлан» ұйымына мүшелікке қабылдау рәсімінен соң концерттік бағдарламаға ұласты. Келген қонақтар оқушыларды ұйымға қабылдану рәсімімен құттықтап, өз тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Желтоқсан айының 07 жұлдызында «Жайдарлы Жас Ұлан» атты тақырыбында КТК (КВН) сайысы болып өтті.