Мемлекеттік қызмет - №36 жалпы білім беретін орта мектебі http://36-talgar.mektebi.kz/ ru Мемлекеттік қызмет - №36 жалпы білім беретін орта мектебі DataLife Engine Жолдау 2022 http://36-talgar.mektebi.kz/otkrytyj-organ/gosuslugi/88-zholdau-2022.html http://36-talgar.mektebi.kz/otkrytyj-organ/gosuslugi/88-zholdau-2022.html Президент жолдауы – болашаққа сенім кепілі


  16-наурыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын жариялады. Сонымен қатар жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар саяси, әлеуметтік-экономикалық шараларды атап өтті.

  Мемлекет басшысы алдымен қайғылы қаңтар оқиғасына баға беруден бастап, бұл іс бойынша кінәлілер анықталып, тергеу құпия жағдайда қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар Президенттің өкілеттілігін қайта қарау, кейбір мемлекеттік органдардың жасақталу тәртібіне өзгерістер енгізу, сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту сияқты міндеттерді атап өтті.   Құқық қорғау институттарың, Бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту керектігі айтылды.

  Мемлекет басшысының үлкен сенім ұялататын ұсынысы ол - Ұлттық құрылтай құру жобасы. «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына енді Ұлттық құрылтай құрылады. Құрылтай жалпыхалықтық деңгейде жұмысты жандандырып, еліміздегі барлық қоғамдық кеңестерді өз айналасына топтастырған, билік пен халық арасындағы сенімді дәнекерге айналатын болады деді» - ол.

 Жолдаудағы  үлкен жаңалық - елімізде жаңа облыстар пайда болатын болды.

Абай атауын иеленген Семей облысы құрылып, Алаш арыстарының астанасы болған өңір қайта түлейтін болды. Жезқанған облысының аумағында Ұлытау облысы құрылса бұл экономикалық қана емес, рухани жағынанда маңызда шешім болды есептейміз. Ал Президенттің Алматы облысын екіге бөлуді ұсынуы біз үшін үлкен қуаныш болды. Президент Қапшағай қаласына қазақтың бір туар азаматы Дінмұхаммед Қонаевтың есімі берілсе қолдайтынын білдірді. Талдықорған және Қапшағай қалаларының жеке облыс орталықтарына айналуы облыс халқы үшін тиімді әрі маңызды,   аймақтарды дамыту ісіне тың серпін береді деп есептейміз.

  Жалпы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған барлық бастамалар мен ұсыныстар, міндеттер мен өзгерістер халқымыздың болашаққа деген сенімін арттыра түседі деген үміттеміз.

    «Қызметіме түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі, мемлекетімізді қорғап қалу мен үшін аса маңызды міндет. Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын»!- деп түйіндеді Мемлекет басшысы.


Құрметті әріптестер!

Мемлекет басшысының жолдауы – жаңа Қазақстанның жаңаруы мен жаңғыру жолына айналу үшін бізде лайықты атсалысайық!

 Еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың жүргіне үміт пен сенім құя білейік!

Алға Жаңа Қазақстан!


]]>

]]>
admin Wed, 23 Mar 2022 20:26:22 +0600