Мектеп асханасы
Мектепте 2020 жылдың 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» акциясы болды. Білім алушылардың жекелеген санаттары үшін преспективалық мәзірдің бір мәрте тамақтану нормаларына сәйкес болуына, тамақтың сапасын бақылауға, ас блоктарында сақтау мерзімі өткен азық-түліктірдің, бүлінген тамақ өнімдерін қадағалау мақсатында және асқананың санитарлық-эпидемиологиялық тазалығын тексеруге арналған комиссия құрылды. Күнделікті І және ІІ ауысымдағы ыстық тамақ ішетін оқушыларды бақылап, берілген тамақты мәзір бойынша сәйкес болуын қадағалап отырдық. Мектеп асханасының мәзірі төрт аптаға құрылған, тамақ құрамында балаларға қажетті витаминдер жеткілікті атап атап айтсақ: бал, сүт, алма, жаңа піскен балық, ет, шырын, көкеніс салаты бар. Асхананың іші таза, санитарлық –гигиеналық талапқа сай, барлық пештер мен тоңазытқыштары жұмыс істеп тұр.
1-4 сыныптар аралығында «Ас -адамның арқауы» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Schoolchildren қалай дұрыс тамақтану керектігі және газдалған сусындар мен ағзаға зиянды тағамдар туралы қажетті ақпараттар айтылды.
4 сыныптарға «Дұрыс тамақтану-денсаулықтың кепілі»атты тренинг өткізілді.
Тренинг барысында тамақтану сауаттылығының бес негізі аталып айтылды. Оқушылар қима суреттер арқылы пайдалы, зиянды тағамдарды құрастырып өз ойларын жеткізе білді.