2020-2021 оқу жылында ыстық тамақты ұйымдастыру туралы анықтама
2021 жылдың қаңтар айынан бастап кезекші топтағы оқушылардың Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен,толық жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, жартылай жетім, көп балалы отбасынан шыққан балаларды тізімге алып құжаттары жинақталып Талғар аудандық білім бөлімінің басшысына 57 оқушыға сұраныс берілді. 01.02.2021жылдың №15-Н «а» бұйрығы бойынша мектепшілік бұйрығы шығып қазіргі уақытта бастауыш сыныптары бойынша 47 оқушы, орта буын оқушылары бойынша 10 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Күнделікті оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын арнайы комиссия мен мектеп медбикесі тексеріп және әлеуметтік педагог бракеражды журналға белгілеп отырады. Асхананың санитарлық гигиеналық тазалығы нормаға сай жұмыскерлер арнайы киіммен, маскамен оқушыларға қызмет етеді.