12
апрель
2022
"Мен және менің полицейім"
Ағымдағы Балалар жылы аясында 11-15 сәуір күндері аралығында "Мен және менің полицейім" атты акциясы өткізілуі жоспарланған. Акцияның мақсаты - кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларын үйрету. Осы орайда 2022 жылдың 11-ші сәуір күні #36 жалпы білім беретін орта мектебінде "Мен және менің полицейім" атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Талғар АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Касымбекова және мектептегі "Полицияның жас көмекшілері" тобымен бірлесе отырып, 8-10 сынып оқушыларын полиция қызметінің негізгі міндеттерімен таныстырып өтті. Сондай ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.