Оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық-гигиеналық режимді талдау » №36 жалпы білім беретін орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№36 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық-гигиеналық режимді талдау
27
март
2021

Оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық-гигиеналық режимді талдау

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған  тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.

     Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:

  • адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;
  • осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;
  • адам дамуындағы мектептегі кезең ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен фақторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады. 

Мектеп медбикесі жеткізілетін өнімдерді қадағалайды, оларды өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі. 

Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға жағдай жасалынған. Әкімшілік пен медбикенің айрықша бақылауымен Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. Қазіргі уақытта кезекшілік сыныпта оқып отырған оқушылардан 57 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Бастауыш сыныптарда тегін тамақпен  47 бала тамақтанып отыр ал, орта буын және жоғары сыныптардан 10 бала қамтылып отыр. Бір реттік ыстық тамақ құны 286 теңгені құрайды.

Тегін ыстық тамақты келесі санаттарға жататын отбасылардың балалары алады.:

  1. мемлкеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар 
  2. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар
  3. жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар
  4. төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар
  5.  бесінші санатқа (өзге де санаттарына) жататын отбасылардан шыққан балалар 

мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мектепте оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы құрылған. Бракераж комиссиясының құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілі, медициналық қызметкерлер.


Комиссияның міндеттері:

  • балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау( бақылауды жүзеге асыру;
  • тамақтандыру кәсіпорынмен қызмет көрсету бойынша жасалған келсім-шарт талаптарының сақталуын қоғамдық қадағалау;
  • оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • оқушылар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;
  • комиссияның жұмыс жоспарын жасау, оны мектептің әкімшілігімен келісу.

№36 орта мектептегі тамақтануды ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы өндірістік қадағалауды ұйымдастырады. 

Өндірістік бақылау міндеттері:

  • қосалқы құжаттардың рәсімделу дұрыстығы, тағам өнімдерінің таңбалау дұрыстығы;
  • өнімдер сапасы мен қауіпсіздігінің  микробиологиялық көрсеткіштері;
  • асхана блогындағы, дұрыстығы және рәсімделуі;
  • шикізат пендайын өнімнің тоғыспалы арналарының болуы;
  • ыдыстарды жуу сапасы;
  • тағамдарды сақтау шарттары мен мерзімі;
  • тоңазытқыш пен технологиялық құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі;
  • жеке гигиенаның сақталуын және қажетті тексерістерден уақытылы өтуді қадағалау;
  • залалсыздандыру шаралары және т.б

Күн сайын оқушылардың тамаққа келіп кетуін арнайы журналға жазып отырамыз. Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын  асхана жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Оқу жылы ішінде ас мәзірінде балғын көкөністер, ірімшік, бал алма т.б болады. Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады.  Мектепте әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. 

Тамақтану блогындағы жұмыскерлердің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіре берісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті асхананың аспазшылары оған аса мән береді. Асхана үйжағдайндағыдай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив