24
март
2022
"Жасөспірім"
2022 жылдың наурыз айының 14-18 жұлдыздыры аралығында облыс аумағында "Жасөспірім" атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуі жоспарланған.Іс-шараның негізгі мақсаты-кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды,оларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын ата-аналарды немесе заңды өкілдерін анықтау және ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қою.Аталған іс-шараны орындау мақсатында 2022 жылдың 16-шы наурыз күні №36 орта мектебінің әкімшілігі,мұғалімдері және мектеп инспекторы А.Касымбекова мен бірге түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.Түнгі рейдте 1,2,3,4,5,6 саяжайлар салтанат сарайлары "Даулет", "Кәусар" Ақтас ауылындағы дүкендер, ойын клубтары қамтылды.Рейд кезінде түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрген мектеп оқушылары емес,бірақ кәмелетке толмаған балалар үйлеріне жеткізіліп,ата-аналарына ескерту жасалды.