24
октябрь
2024
2024-2025 оқу жылы. "КВАНТ" бірлестігінің онкүндігі.
14.10-24.10 аралығында "Квант " бірлестігінің онкүндігі өтті. 14 қазан күні "Әлемді бағындырған нақты ғылымдар" атты апталықтың ашылуы болып өтті. Сахна физикалық құбылыстар бұрышы, математика бұрышы және роботтар арқылы безендірілді. Онкүндікті Бірлестік жетекші: Қыдырқожаева М. Б ашық деп жариялап, оқушылар мен мұғалімдерге математика, физика, информатикаға қатысты қызықты сұрақтар мен ойындар ойнатылды. Дұрыс жауап берген оқушылар мен мұғалімдерге сыйлықтар үлестірілді."Квант " бірлестігінде 24 мұғалім бар. Әрқайсысы әр тақырыпта ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шараларды оқушылар мен жоғарғы деңгейде өткізді.

