Кәсіби қоғамдастықтың әдістемелік күндері
Кәсіби қоғамдастықтың әдістемелік күндері
Айы |
Күні |
Мазмұны |
Жауаптылар |
ҚАЗАН |
5-10.10.2015ж. |
«Дарынды оқушылармен жұмыс жасау әдістері» коучинг. |
«Современник» кәсіби қоғамдастығы
|
ҚАРАША |
23-30.11.2015ж. |
«Оқу мен оқытудағы қоғамдастықтың маңызы» коучинг |
«Білім» кәсіби қоғамдастығы |
ЖЕЛТОҚСАН |
30.11-05.12.2015ж. |
« Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» коучинг |
«Жалын» кәсіби қоғамдастығы |
АҚПАН |
08-13.02.2016 ж. |
«Lesson study» іс-әрекетті зерттеу. Коучинг |
«Зерде» кәсіби қоғамдастығы |
АҚПАН |
15-20.02.16 ж. |
«Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің түрлері» |
«Жарқын болашақ» кәсіби қоғамдастығы |
Жылдық жоспарға сай ай сайын отырыстар, коучингтар өз уақытында өткізіліп тұрды. Қазан айында «Оқу мен оқытудағы қоғамдастықтың маңызы» атты тақырыпта коучинг өтілді. Коучинг кезінде осы қоғамдастықтың маңызы туралы топ мүшелері ой бөлісіп, пікір алмасты. Ортақ проблемаларды бірге талқылап, оның шешу жолдарын қарастырды. Әр отырыс сайын топ мүшелері керекті материалдармен қамтамасыз етіліп отырды. Бір-бірінің тәжірибесімен бөлісіп, жеткен жетістігі мен кемшіліктері туралы талқыланып отырды. Қараша айында аудан көлемінде Ислам Руслан Тәңірбергенұлының бастауымен үлкен семинар болып өтті. Семинар кезінде осындай қоғамдастықтар құру, ортақ проблемаларды талқыланып және шешу жолдары қарастырылды. Жоспар бойынша осы айда «Білім» кәсіби қоғамдастығының 10 күндігі өтті. 10 күндік кезінде біз алға қойған мақсатымызға жету үшін қандай жұмыс жасап жатқанымызды, үйренгенімізді көрсетіп тәжірибе алмасуға тырыстық. Барлығы 11 ашық сабақ пен 2 коучинг өтті. Апталық «ХХІ ғасырға оқушыларды қалай дайындау керек?» атты тақырыптағы коучингпен ашылды. Коучингте қоғамдастық мүшелері қатысып, қазіргі таңда оқушыларды қалай дайындау керек, сабаққа деген қызығушылықтарын қалай арттыруға болады, мұғалім қандай болу керек сияқты тақырыптарда ой бөлісіп, тәжірибе алмасты. Қоғамдастық мүшелерінің көбі 3 айлық курстан өтпесе де ашық сабақтарында осы уақытқа дейінгі өткен коучинг сессияларында үйренген оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақтарында қолданып, көрсетуге тырысты. Атап айтатын болсақ Абсалямова Г.Б. 8 «Б» сыныбымен « Атмосфералық циркуляция» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтарында оқушыларды топқа біріктіріп, топтық жұмыс жасатты. Диалогтік оқытудың әдіс- тәсілдерін қолданды. Сол сияқты Нурмашева Т.К. 10а сыныбымен өткен « Тригонометриялық теңдеулерді шешу» атты сабағында әңгіменің 3 түрі : кумулятивтік әңгіме, әңгіме дебат, зерттеушілік әңгіме қолданды. Ускибаева М.М. 8 «б» сыныбмен өткен « Тірек қимыл аппараты» атты сабағында оқушыларды топқа біріктіріп постермен жұмыс жасатты. Топ басшысы бағалап отырды. Сергіту сәтін жүргізді. Сол сияқты Молдабекова К, Сыдыков А, Хамзина А. Қойгелова Ж. сабақтарында сын тұрғысынан ойлау модульінің кейбір элементтерін қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра білді. Апталық « Диалогтік оқыту арқылы сөйлеу мәдениетін» қалыптастыру атты коучингпен жабылды.
Қаңтар айында «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер», «Тәлімгермен жұмыс» тақырыптары бойынша семинарлар өтті. Семинар кезінде 2-ші деңгей бойынша курстан өткен Игманова А.Н., Өзбекова Г.М., Туреханова Н. бірігуімен мұғалімдерге көптеген ақпараттар беріліп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Осы қоғамдастықта 3 деңгей бойынша курстан өткен Қойгелова Ж.А. мен Ерғанатова А.Е. жаңа форматтағы ашық сабақтар өтті. Наурыз айында « Сабақтағы кері байланыс» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингта сабақ соңында оқушылармен кері байланысты қалай жасау керектігі туралы айтылып, ой бөлісті. Көктемгі каникул кезінде «Үздік кәсіби-қоғамдастық- 2016» байқауы өтіп, бұл сайыста «Білім» кәсіби қоғамдастығы 1 орынды жеңіп алды. Сәуір айында қоғамдастық мүшелері жыл бойғы үйренгендерін көрсетіп, тәжірибе алмасу мақсатында шебер сыныптар өткізді. Оған курстан өтпеген мұғалімдер қатысты. Жаңа форматтағы ашық сабақтар өткізіп, нәтижелерін көрсете білді. Мамыр айында жыл бойғы жұмыстарға талдау жасалып, қорытындысы шығарылды. Бір жыл бойы көптеген іс-шаралар өткізсекте, алдағы уақытта үйренеріміз көп . Толықтай алға қойған мақсатқа жету ұшін көп жұмыс атқару керектігі айтылды. Ол үшін мұғалімдеріміздің өз жұмыстарын өз уақытында жасап, жауапкершілікпен атқару тапсырылды.