Семинарлар, байқаулар » №36 жалпы білім беретін орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№36 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
апрель
2017

Семинарлар, байқаулар

Семинарлар, байқаулар

Мектептегі білім беру үдерісіндегі барлық жұмыстың нәтижелі болуы, ұстаздардың сапалы білім мен саналы тәрбие беруінде. Әдістемелік жоспарда қамтылған осы мәселелерді әдістемелік пән бірлестіктері мен кәсіби қоғамдастық мүшелерімен бірлесе атқарылған семинарлар, мастер класс, коучинг сессиялардан көрініс береді. 3 айлық курс бітіріп келген мұғалімдер «Жаңа әдіс тәсілдерді қолдану» атты практикалық семинар өткізіп, мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізу қоғамдастық құру арқылы жүзеге асырылу керектігі жөнінде айтылып, бағдарламаның идеялары қоғамдастықта таратылады деген тұжырымға келдік. 3 айлық курсты өткен мұғалімдер мектеп мұғалімдеріне мектепішілік семинарда 7 модульмен таныстырды. Мұғалімдер өз тәжірибесіне 7 модуль элементтерін енгізіп, республика, облыс, аудан деңгейде ашық сабақтар көрсетті. Ақпан айының 2 жұлдызында «Абай – дана, Абай – дара ,қазақта»тақырыбында А.Құнанбайұлының 150 жылдығына арналған Республикалық семинар өтті. Алматы қаласындағы Республикалық «Өрлеу» Ұлттық орталығының курсанттары Қазақстанның әр облысынан келген басшылар қатысып, тәжірибе алмасты.

 

 

2015-2016 оқу жылында облыстық 4-11 қараша аралығында «Білім беру жүйесінде әр пән бойынша инновациялық технологияларды енгізу және ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыру» ғылыми конференция ұйымдастырылып өтті.

 

 

 

 

 


Қаңтар айының қысқы демалысында деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен аудан көлемінде «Қысқа мерзімді жоспар құру» тақырыбында семинар өткізілді. Сәуір айының күзгі демалысында ҚМҚПИ – да өткен «Қазіргі кездегі білім беру мазмұнын жаңашаландыру мен жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбында өткен республикалық семинарға тарих пәнінің мұғалімі Ислам Р.Т. , орыс тілі пәнінің мұғалімдері «Болашақ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің құзыреттілігін талқылау» тақырыбымен Аккалышева С.Қ., Карибаева Г.Ы. баяндамаларын қорғады.

Мектепішілік семинарлар келесі тақырыптарда өтті: 1.«Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары» семинар, 2.«Тәжірибелі ұстаздан дарынды шәкірт» дөңгелек үстел, 3.«Жаңа технология – жаңа оқытудың негізі» семинар, 4.«Заманауи сабақ тиімді сабақ» коучинг сессия,5.«Оқушы құзіреттілігін арттыруға жаратылыстану пәндерінің әсері», 6.«Үштілді тұлға қалыптастыру – заман талабы» дөңгелек үстел. 7. «Білім берудің жаңа технологияларын тиімді пайдаланудың педагогикалық мәні».

 

 

 

 

Семинарлар, байқаулар

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив