8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні » №36 жалпы білім беретін орта мектебі
Almaty region
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№36 жалпы білім беретін мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні
14
March
2022

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

        Мектебімізде 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мақсаты: аналарымызды мектеп өміріне көбірек тарту, отбасы мен некенің оң бейнесін дәріптеу.

      Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру барысында мектебіміздегі көп балалы отбасындағы аналарымызға «Ана – отбасының жылуы» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында 5  көп балалы отбасыларына: Нышандар отбасына, Молдағалилар отбасына, Бектурдиевалар отбасына, Каримовтар отбасына, Мұхтарлар отбасына қаржылай және азық-түлікпен көмек көрсетілді.  

      Мектебімізде ұстаздық қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан зейнеткер апайларымыздың үйіне барып, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыстап, құттықтады.

     Сонымен қатар, «Өмір сыйлаған Ана» тақырыбында сурет көрмесі, «Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға» атты кітап көрмелері, бастауыш сынып оқушылары арасында «Ана бақыты – бала бақыты» тақырыбында мерекелік кештер өткізілуде. 

     Өткізіліп жатқан іс-шаралар «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілеріне де жариялануда.








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив