Озық іс тәжірибені тарату » №36 жалпы білім беретін орта мектебі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№36 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
апрель
2017

Озық іс тәжірибені тарату

Озық іс тәжірибені тарату

Озық тәжірибелі педагог мамандардың құрамы негізінен еңбек өтілі жиырма жылдан жоғары, жоғары санатты 12 мұғалімнен құралады. Олардың еңбектері, жинақталған тәжірибелері, зерттеу жұмыстары аудан, облыс, республика көлемінде таралуда. Мысалы: Г.Абсалямова, Н.Туреханова, М.Ускибаева, К.Молдабекова және т.б. Мектепте жүйелі түрде озық іс-тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату жұмыстары жүргізілуде.

Мектептегі озық тәжірибелі мұғалімдер мектебімізде өткен 4-10.11.2016 ж. күндері аралығында өткен «Әр пән бойынша жаңа инновациялық технологияларды оқу мен оқыту үдерісіне енгізу және мұғалімнің құзыреттілігін дамыту» тақырыбында өткен республикалық ғылыми конференцияға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл конференцияға Алматы қаласы Абай атындағы Мемлекеттік Педагогикалық университетінен және Алматы қаласы Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық университенин білікті ұстаздары, професорлар мен ғылым докторлары, Алматы облысы «Өрлеу» педагог мамандардың біліктілігін арттыру институтының педагог-тренерлері, Алматы қаласы Физика-математика бағытындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұстаздары және Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектептерінің білікті ұстаздары қатысты. Бұл конференцияда озық тәжірибелі ұстаздарымыз жоғары оқу орындарының мамандарымен кеңінен тәжірибе бөлісті. Білмеген дүниесін сұрап, практик маман ретінде білген дүниесін айтып, тәжірибе алмасты.

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Бұл Ғылыми-конференция Алматы қаласы Білім бөлімі, Алматы облысы Білім департаменті және Талғар ауданының Білім бөлімінің басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды.


8.01.2016 ж. мектептің озық тәжірибелі мұғалімдері Талғар ауданының бірнеше директорлары және директорлардың оқу ісі меңгерушілерімен біріге отырып, Алматы қаласындағы Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетіне барып үлкен көлемде семинар өткізді. Семинардың «Қазіргі замандағы жаңашыл мұғалімнің құзыреттілігі» тақырыбында өтті. Негізгі мақсат: Қазіргі кезде еліміздің жоғары оқу орындарын бітіріп шыққан түлектер қаншалықты дәрежеде жалпы орта білім беру мекемелернің талаптарына сай екендігін анықтау және ұсыныстар беру. Бұл семинарда да мектептің озық тәжірибелі мұғалімдері өздерінің білім беру саласының асқан шеберлері екендігін дәлелдеді.

 

Қорыта келгенде мектептегі озық тәжірибелі мұғалімдердің жұмысы өте жоғары дәрежеде деп табылып жақсы деген баға берілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив